Кәмелетке толмаған азаматқа жеңіл жарақат түрінде зиян келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Х.-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Азаматша Х. «Қарағанды-Семей» бағытындағы жолаушы поездінің вагонында анасымен бірге келе жатқан кәмелетке толмаған Д.-ны ұрып-сөғып, сот экспертизасының сараптамасына сәйкес кәмелетке толмаған Д.-ға жеңіл жарақат түрінде зиян келтірген.

Сот қаулысымен аз.Х.-ға әкімшілік жаза ретінде 23 825 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі