Кәмелетке толмағандардың ісі жөнінде №2 сот ашылмақшы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы соттарының құрамында Жезқазған қаласында мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі №2 сот ашылмақ. Осыған орай, облыстық сотта 2014 жылдың 8-сәуірінде аталмыш соттың төрағасының лауазымына үміткерлерді қарастыру сұрағы бойынша пленарлық отырыс болып өтті.

Бұл лауазымнан облысымыздың қызмет етіп жүрген екі судьясы үміткер. Олар:  Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Әлия Марданова және Саран қалалық сотының судьясы Талғат Шакипов.

Судья Т. Шакиповтың судьялық еңбек өтілі 11 жыл. Ол сот жасауылы, сот мәжілісінің хатшысы, Қарағанды облыстық сотының жетекші маманы сынды әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

Судья Ә. Марданованың судьялық еңбек өтілі 9 жыл. Өзінің еңбек жолын Қарағанды қаласындағы «Қазақстан темір жолы» РМК филиалының заңгері ретінде бастаған. Судья лауазымында 2005 жылдан бастап істейді. Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы лауазымына тағайындалғанға дейін Ә. Марданова Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметін атқарды.  

Пленарлық отырысқа қатысушылар – облыстық соттың судьялары ұсынылған кандидатураларды бірауыздан қолдады. Осындан кейін, №2 мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі соттың төрағасы лауазымына үміткерлер Жоғары Сот Кеңесінде қарау үшін Жоғарғы Сотпен ұсынылатын болады.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы