Кәмелетке толмағандарға темекі бұйымдары сатуға тыйым салынады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарқаралы аудандық сотымен кәмелет жасқа толмаған Ж.-ға бір қорап темекі сатқаны үшін құқық бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш түрінде 45380 тенге айыппұл жазасы тағайындалды.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 159-бабы 2-тармағының 1)тармақшасына сәйкес, темекі бұйымдарын он сегіз жасқа дейінгі адамдарға сатуға және олардың сатуына тыйым салынады.

Сатушы И-дың кінәсі, оның сот мәжілісіндегі мойындаушылық айғақтарынан басқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жазбаша түсініктемесімен, полиция қызметкерінің баянатымен, сатып алушының жеке куәлік көшірмесімен  дәлелденді.

Жаза Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 133-бабы 1-бөлігі санкциясы шегінде тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енді. Айыппұл сомасы бюджетке түсті.

Қайнар: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі