Қоғамдық орында масаң күйінде болғаны үшін 3 тәулікке қамауға алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Осакаров ауданының №2 аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігі бойынша (Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу) Молодежный кентінің тұрғынын кінәлі деп таныды.

Құқық бұзушы жыл бойында қоғамдық орындарға масаң күйінде келу үшін екі реттен артық әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сөйтіп, құқық бұзушы қоғамдық орында масаң күйінде, адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын салдыр-салақ түрімен шайқалып жүргенін.

Сот мәжіліс барысында құқық бұзушы өз кінәсінді мойындап, қатаң жазаны тағайындамауды сұрады.

Сотпен 3 тәулік мерзіміне әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаны тағайындау туралы қаулы шығарды.

Қайнар: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар