Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434 бабы 1 бөлігі бойынша (ұсақ құқық бұзушылық) И-ға және В-ға қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

Азамат И. Теректі ауылы Қазыбек би көшесі бойындатемекіні шегіпқалдығын жерге тастап, алазамат В. Егіндібұлақ ауылында Ақаев көшесі бойында шемішке шағып, қабығын жерге тастап, қоғамдық жерді ластап,қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот қаулысымен И. мен В-ға жоғарыда көрсетілген баптар бойынша кінәлі деп танылып, оларға аталған бап бойынша әрқайсына 15 883 тенге көлемінде айыппұл салынды.

Қайнар: 
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі