Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұсақ бұзақылық - қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың ең көп тараған түрлерінің бірі. Аталған құқық бұзушылық адамдардың көзінше, өзге адамдарға сыйламаушылық көрсетіп, сондай-ақ жеке тұлғаларға қорлап тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын және тағы басқа ұқсас әрекеттерін жасап, қоғамдық жерлерде заңсыз әрекеттер болып табылады.

Осылай құқық бұзушы З. өзінің әдепсіз қылығымен қоғамдық тәртіпті бұзып, азаматша А-ны былапыт сөздермен балағаттаған.  

Сот қаулысымен құқық бұзушы З. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК мөлшерінде 15 883 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қайнар: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі