Қолхат бойынша қарыз соманы өндіру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық сотында О.-ның талап арызы бойынша жауапкер С.-дан қолхат бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот жауапкер С.-ның талапкер О.-дан 1 800 000 теңге мөлшерінде ақшалай сома алып, оған қарызды белгіленген мерзімде қайтарып беретіні жөнінде қолхат жазып бергенін анықтады. Алайда талапкер О.-ның қарызды қайтару туралы бірнеше рет жасаған сұрауларына жауапкер С. түсініктеме беруден бас тартып, қарызды белгіленген мерзімде қайтармаған.

Жауапкер талапта көрсетілген сомамен келіспей, талап арызды ішінара қанағаттандыруды сұраған. Ол дәлелдеме негізінде, қолхатты талапкердің психикалық қысым көрсетуі салдарынан жазғандығын, алайда талапкерге қарыз сомасының 619 000 тенге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын ғана төлеуге келісетінін айтып түсінік берді.

Сот жауапкердің қолхатты психикалық қысымның, қорқыту және зорлық-зомбылықтың әсерінен жазылу фактісін анықтамады. Қолхатты жарамсыз деп тануға негіз жоқ.

Сот шешімімен талапкердің талабы толық қанағаттандырылды. Жауапкерден қарыз сомасы және мемлекеттік баж шығындары өндірілді.

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі