Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 611 бабының 2 бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.
Азамат В. Теміртау қаласының тұрғын үйлер арасында Газ 2707 автокөлігін басқарған. Арқы жығына қозғалысы кезінде №2 тұрғын үйге соқтығысқан, соқтығыс нәтижесінде №1 пәтердік терезесінің шынысы мен темір торы бұзылған. Содан соң жол көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.
Сот мәжілісі барысында құқық бұзушы В. құқық бұзушылығы үшін кінәсін толық мойындап, жол көлік оқиғасы кезінде соқтығыстың күші аз болғандықтан №1 пәтердің терезесі соншама зақымданатынын ойлаған жоқтығын және оқиғадан кейін пәтерден ешкім шықпағандықтан оқиға болған жерден кетіп қалғанын түсіндірді.
Сот істі қарау барысында және әкімшілік жаза тағайындау барысында ауырлататын мән-жайлар ретінде құқық бұзушының бір жыл ішінде біркелкі құқық бұзушылық жасағандығын, ол құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығын ескерді.
Сот құқық бұзушыны кінәлі деп танып, және аталған бап бойынша ол 1 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Қаулы заң күшіне енді.

 

Қайнар: 
Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі