Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан болған адам өлімі үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотымен аз.К. қатысты ҚР ҚК-нің 345 б 3 бөлігімен қозғалған қылмыстық ісі қаралды (автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет).

«Алматы-Екатеринбург» тас жолында «Lada» көлігінің жүргізушісі аз.К. жол ережесі қауіпсіздігін қатаң бұзып, қарама-қарсы бағытқа шығып, «DAF FT95» жүк көлігімен соқтығыс жасаған.

Жол көлігі оқиғасы салдарынан «Lada» автокөлігінің жолаушысы аз.К. жол көлік оқиғасы орнында көз жұмған.

Сот үкімімен аз.К. жоғарыда аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оған шартты түрде 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандыған айыру жазасы, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сот шығындары мемлекет пайдасына өндірілген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі