Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеті үшін бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 345 бабының 4 бөлігімен (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзып, абайсызда екi адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет)   аз.Р.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Аз.Р. өзінің көлік құралымен жолаушылар мүгедек Х, зейнеткер Х- мен Осакаров кентінен Қарағанды қаласындағы клиникаға жолаушыларды жеткізу үшін Қарағанды бағытына қарай жолға шықты.

Жүргізуші Р. жол жағдайын ескермей, жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етпейтін жылдамдықпен жүріп, көлік құралын бағындыра алмай, Осакаров ауданының Ошағанды ауылына жақын Алматы-Екатеринбург тас жолының реконструкциялық учаскесіндегі темір қоршауға  соғылған.

Жол көлік оқиғасының нәтижесінде аталған көлік құралының жолаушылары алынған жарақаттардан орындарында қайтыс болды.

Сот, ҚР ҚК-нің 54 б. сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды анықтамады.

Сот, қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, аз.Р.-ді кінәлі деп танып, жаза ретінде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы, көлік құралын басқару құқығынан 5 жылға айыру жазасы тағайындалды, жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енбеген.

 

 

Қайнар: 
Осакаров аудандық сотының баспасөз- қызметі