Көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-тің 608-бабы 1-бөлігімен Б. азаматына қатысты әкімшілік іс қарады.
Іс материалдарына сәйкес, азамат Б. автокөлігін алкогольды масаң күйінде басқарып, Қазақстан Республикасы Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлігі 4-тармағы 2-тармақшасының талабын бұзған.
Б. азаматтың іс-әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша сараланған.
Сот қаулысымен азамат Д. ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз орталығы