Көлік құралын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтоғай аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 бабының 4-бөлігімен (көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) азамат М.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.  

Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы хаттамға сәйкес аз. М. Ақтоғай – Балхаш тас жолында ««Хонда Одисей» маркалы көлік құралын қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен басқарған. Сот отырысында құқықбұзушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот аз.М-ді 31 766 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтоғай аудандық сотының баспасөз қызметі