Көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ тұлға алкогольдік мас күйінде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық сотында ҚР ӘҚБтК 608 бабының 6 бөлігімен көзделген (жүргізушінің алкогольден мас күйінде көлік құралын жүргізуі және көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адамдар жасаған іс-әрекеттер) азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат М. «Москвич 412» маркалы автокөлігімен Сәтбаев қаласы Абай көшесінің бойында масаң күйде көлік жіргізіп келе жатқан.

Тексеріс барысында жүргізуші алкогольді масаң күйінде болғаны, өткізілген медициналық куәландырумен расталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес М. жеңіл дәрежелі мас күйінде болған.

Сот отырысында М. көлікке отырмас  бұрын сыра ішкенін мойындады.

Сот қаулысымен азамат М., құкық бұзушылық жасаған үшін кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 20 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы