Коммуналдық қызметтері үшін мәлімет ретінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Балқаш қалалық сотында коммуналдық қызметкерлер өкілдерінің қатысуларымен азаматтық іс жүргізу заңнамасының өзгеруіне байланысты бұйрық тәртібінде қаралатын талаптар бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді. Бұл ақпарат бойынша сот төрағасы Естай Ақтаевич Исабеков сөз сөйледі.

Ол коммуналдық қызметкерлер өкілдеріне, коммуналдық қызметтер бойынша берешекті өндіріп алу талаптарын, оның ішінде жария шарттардың негізінде нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электрмен, газбен, жылумен, сумен жабдықтау, телефонның және Интернет желісінің, кәбілдік телевизияның көрсетілетін қызметтері, тұрмыстық қатты қалдықтарды тасып шығару), сонымен қатар қатысушы тараптарды шақырмай-ақ,  кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған міндетті шығыстарға қатысудан жалтарып жүрген үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу бұйрық тәртібімен қаралатынын түсіндірді.

Коммуналдық қызметкерлерге сот бұйрығын шығару туралы сотқа арыз беру барысында мәлім етілген талаптарды растайын қоса тіркелетін құжаттардың толық тізбесі көрсетіліп, әкелуі тиіс екендігін айта кетті.

Қайнар: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы