Қорғаушы көрінеу жалған сөз үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотымен ҚР ҚК 28 бабы 2 бөлімі (қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушылардың түрлерi), 419 бабы 3 бөлімі (көрінеу жалған сөз жеткізу, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған іс-әрекет), 419 бабы 3 бөлімі (көрінеу жалған сөз жеткізу, адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен жасалған іс-әрекет), көзделген қылмыстарды жасады деп кінәланып отырған азамат Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Б. тұлғаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыс жасады деп және көрінеу жалған сөз жеткізді деп ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасады. Сотталушы сонымен қоса, өзінің қылмыстық жоспарын іске асыру мақсатында қосалқы бірлесе орындаушы тарту керек екенін түсінді. Өз іс-әрекетінің заңсыздығын сезіне отырып, бірлесе орындаушының ауыр моральдық жағдайын пайдаланып, оның ұлына қатысты мәселесін шешуге уәде беру арқылы қылмыстық ниетіне тартты.

Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші болып мемлекеттік органдар табылады.

Жалған сөз жеткізудің объектісі болып сот төрелігін жүзеге асыруға бағытталған құқық қорғау органдарының қалыпты қызметі болып табылады.

Сот үкімімен Б. қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған жазасын жалпы режимдегі түзету мекемесінде өтеумен 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз-қызметі