ҚР ҚК және ҚПК жаңашылықтарының ерекшеліктері туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылдың 01 қаңтарынан жаңа Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстері күшіне енді.

Саран қалалық сотының төрағасы Б.Имашев және Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының судьясы Е.Маукен «ҚР ҚК және ҚПК» жаңашылықтарының ерекшеліктері» атты тақырыпқа өткізілген «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының «Уақыт КЗ»  бағдарламасына қатысты.

Сұхбаттасу барысында қатысушылармен ҚР Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстегі өзгертулермен және негізгі жаңашылықтары бойынша  түсініктер берілді.

Жалпы алғанда жаңашылықтың мәні, яғни қылмыстық заңнамаға қылмыстық әрекеттің жаңа түрлері енгізілді, ал нақты олар қылмыстық теріс қылықтар және қылмыстар болып бөлінді, ал қылмыстық-процестік заңнамада -  қылмыстық іс бойынша жеңілдетілген іс жүргізу және кінәсін мойындау туралы мәміле жасау пайда болды. Кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтар қылмыстық теріс қылықтар қатарына енгізілді.

Сұхбаттасқандар тергеу судьясының өкілеттіктерін жүзеге асыру  сұрағына да тоқталып өтті.  Тергеу судьясы арқылы сот бақылауын енгізу  объективтік қажеттілік болып табылады және сот төрелігі тиімділігін  арттыруға бағытталған. Бұл судья, яғни тергеу судьясы бірқатар іс жүргізу және тергеу әрекеттерін санкциялау сұрақтарын шешетін болады.