ҚР Парламентінің депутаттарымен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 7-ақпанында Қарағанды облыстық сотында ҚР Парламентінің депутаттары Н. Әбдіров, С. Канаев, В. Рогалев және М. Тінікеевтермен  қызметтік кездесуі болып өтті. Отырысты Қарағанды облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Е. Әріпов ашты. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару, әкімшілік құқықбұзушылық туралы, Азаматтық және Азаматтық іс жүргізу  Кодекстердің жобалары, сонымен қатар,  ҚР «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялар мәртебесі» туралы Конституциялық заңға өзгерулер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасы және Жоғарғы Сотпен дайындалған «Сот төрелігін асыруды оңтайлату, сөзбұйдашылықты азайту сұрақтарына қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерулер мен толықтырулар енгізу» туралы Заңның жобасы қаралуда. Осыған байланысты, Парламент депутаттары келешекте енгізілетін өзгертулер туралы сұрақтарға тоқталды, сонымен қатар, республика судьяларымен асырылатын сөт төрелегін одан әрі оңтайлатуға қандай өзгерістер қажет екенін білгілері келетінін жеткізді.
  Облыстық соттың судьялары тарапынан мүлікті тәркілеуге, қылмыстың қайталануына, сыбайлас жемқорлыққа, өлім жазасына қатысты сұрақтар  қойылды. Сондай-ақ, сот өндірісін мемлекеттік тілде жүргізу барысында мемлекеттік тілдегі Кондекстерде кейбір дәлсіздіктер орын алатынын айтып өтті. Депутаттар бұл жағдайды алдағы уақытта қарастыруға уәде етті.
Кездесуді қорытындай келе, Қарағанды облыстық соты төрағасының  міндетін атқарушы Е. Әріпов депутаттарға алғыс білдіріп, мемлекетімізді өркендету жолындағы еңбектерінде жеміс тіледі. 

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы