Қылмыстық істер жәбірленушілермен татуласуларына байланысты қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандық сотында А. мен М. қатысты екі қылмыстық іс қаралды. ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 тармағы бойынша іс сотқа түсті.

А. мен М. қаладан Сұрыптау кенті маршрут бойынша келе жатқан №118 автобусында қарбалас сәтте жолаушылардың ұялы телефондарын ұрлағаны үшін айыпталады. Екі жағдайда істі қарау кезінде ұрланған заттар жәбірленушілерге қайтарылды. Сотқа тараптар бітімгершілікке келу үшін медияциялық келісім ұсынылды. Медиация кезінде А. және М. жәбірленушілермен бітімгершілікке келді, келтірілген залал өтелді. Қылмыстық іс қысқартылды.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №2 аудандлық сотының баспасөз қызметі