Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық сотымен ҚР ҚК-тің 130-бабының 3-бөлігі (Жала жабу) бойынша К.-ны жеке айыптау бойынша қылмыстық ісі қаралды.

2016 жылдың қазан айында К. кент тұрғындары көздерінше С.-ты Жезқазған кентінің тұрғындарына берілетін өтемақыны ұрлады, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп жала жапты.

Сот отырысында жәбірленуші жеке айыптау бойынша шағымын қолдап, К. оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін жалған мәлімет таратқанын айтты.

Сот үкімімен К. кінәсіз деп танылып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз қызметі