Қылмыстық іс медиация тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шет аудандық сотымен С.-қа қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188 бабының 1 бөлігі (ұрлық) бойынша қозғалған қылмыстық істі қарады.
Сотталушы С. дүкенінде кәмелеттік жасқа толмаған М.-ның сырт киімінің ашық тұрған қалтасынан мобильді телефонын көрген. Өзінің қылмыстық іс әрекетін ешкімнің бақылып тұрмағанына көз жеткізіп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында кәмелеттік жасы толмаған жәбірленушіге тиесілі қалта телефонын ұрлаған. Бұл ісімен ол жәбірленушіге мүліктік залал келтірген.
Істі талқылау барысында кәмелетке томаған жәбірленушінің өкілінен сотталушыға ешқандай наразылығының жоқтығынан өзара бітімгершілікке келулеріне байланысты медиациялық келісімін сотқа ұсынған.
Сот ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде С.-ты қылмыстық жауаптылықтан босатып, тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты, қылмыстық істі өндірістен қысқартты.
Қаулы заңды күшіне енген.

 

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі