Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотымен  сотталушылар А.-ға және Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабының 2 бөлігінің 1, 2, 3 тармақтармен (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бiрнеше рет, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) айыптау туралы қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушылар алдын- ала сөз байласуымен, заңсыз, жәбірленушілердің қораларына кіру арқылы, үш эпизодта ұсақ мүйізді мал ұрлығы бойынша айыпталған.

Сотталушылар А. және Т. сот отырысында тағылған айыпты толығымен мойындап, жасалған қылмыстық құқықбұзушылыққа өкініп, жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқартуды сұраған.

Тараптардың талап-тілегімен және жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын толық өтелуін ескере отырып, кәсіби емес медиатордың жәрдемдесуімен қылмыстық істі дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасалды.

Сот қаулысымен сотталушылар А. мен Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабының 2 бөлігінің 1, 2, 3 тармақтарымен айыптау туралы қылмыстық іс бойынша іс жүргізу жәбірленушілердің сотталушымен медиация тәртібімен татуласқандарына байланысты тоқтатылды. Сотталушылар қылмыстық жауаптылықтан босатылған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі