Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шет аудандық сотымен аз-ша А. қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабының 1бөлігімен (ұрлық) қозғалған қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы А. жәбірленуші Ж. тиесілі «Lada-21214» маркалы көлігіне жолаушы ретінде мініп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында, еркін қолжетімді жолмен автокөліктің алдыңғы сөресіндегі «SAMSUNG J2» ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткен.

Нәтижесінде жәбірленуші Ж. жалпы сомасы 60 000 теңге мөлшерінде мүліктік залал келтірілген.

Қылмыстық істі қарау барысында медиатордың көмегімен тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасып, соттан қылмыстық іс өндірісін қысқартуды сұраған.

Медиация келісімінің негізінде қылмыстық іс өндірістен қысқартылып, сотталушымен жәбірленушінің татуласуына байланысты сотталушы А. қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шет аудандық сотының баспасөз қызметі