Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық соты ҚР ҚК-тің 188-бабының 1-бөлігі бойынша (ұрлық жасау) Л-ға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сотта сотталушы Л. жәбірленушіге тиесілі ұялы телефонды ұрлаған.
Басты сот талқылауында тараптар мамандандырылмаған медиатор С.Т. Жаксыбековпен мәлімдесіп, тараптар медиация тәртібінде татуласты.
Жәбірленушіге іс жүзіндегі залалдың орны толтырылуына байланысты, іс бойынша қоғамға зиын келтіретін және қауіпті салдарлардың болмауын ескере отырып, сот сотталушы Л-ға қатысты қылмыстық іс тоқтатуға қаулы етті.
Сот қаулысы заңды күшіне енген.

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі