Қылмыстық іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Осакаров ауданының №2 аудандық соты  Молодежный кенті  тұрғынына қатысты ҚР ҚК – нің 188 бабы 1 бөлігі  (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру)  ұялы телефонды  ұрлығы үшін қылмыстық істі қаралды.                                                                                               Сот мәжілісінде соталушы Молодежный кентіндегі «Айгөлек» балабақшаға қыз баласын алып кетуге келіп, «Айфон-5» модельдегі ұялы телефонды көріп, оны ұрлағанын анықталды. Қылмыс нәтижесінде жәбірленушіге 118 000 теңге көлеміндегі материалдық залал келтірген. Соталушы өз кінәсінді мойындап, істеген іс-қылығына өкінді, ұрлаған мүлікті иесіне қайтарылды. Істі қарастыру барасында, тараптар кәсіби емес медиаторға жүгінді. Сөйтіп, жәбірленуші соталушыға қатысты қылмыстық істі қысқартуды сұрап, медиация тәртібінде келісімі жасалды. Соталушы да қылмыстық істі қысқартуға келісті, залалды қалпына келтірді. Сот мәжілісінде, медиация тәртібіндегі келісімі бекітілген. Сот, тараптар  пікірін  және прокурордың қорытындысын тыңдап, іс материалдарын зерттеп,  медиация тәртібінде қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы  шығарды. 

 

Қайнар: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспа-сөз қызметі