Қылмыстық процессте медиацияны қолдану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық сотымен Қарқаралы қаласының тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы ҚК–нің 188 бабы 2 бөлігі 3 тармағы (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) автокөлігінің  аккумуляторын ұрлау туралы қылмыстық істі қарады.
Аталған істі қарау кезінде тараптар кәсіби емес медиаторға жүгінді. Сондықтан, тараптар арасында медиация туралы келісім жасалды. Келісім шарттары бойынша жәбірленуші М. қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішін білдіреді, себебі келтірілген залал толығымен өтелген. Сонымен қоса, сотталушы жәбірленушіден кешірім сұрады және  қылмыстық істі қысқартуға келісті. Сот мәжілісінде, медиация тәртібіндегі келісімі бекітілді.
Сотпен істі медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекіту туралы қаулы шығарылды, аталған іс бойынша өндіріс қысқартылды.
Қаулы   заңды күшіне  енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі