Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Абай ауданының №2 аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша азамат К.-ны айыптау жөніндегі қылмыстық істі қарады.
Сонымен, К. таныс қызы Н.-нің үйіне келген. Ас бөлмесінде олар әр түрлі тақырыпта әңгіме айтып отырған.
Әңгімелесу барысында К. танысы Н.-нің қолында «Samsung» маркілі ұялы телефонды көрген. Онда тонау, яғни төтеннің мүлкін ашық жымқыру ниеті пайда болған.
Өзінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыру мақсатында танысы Н.-нің қолындағы телефонды алып қойып, ашық түрде тонау жасап, оқиға орнынан ізін суытқан.
Қылмыстық әрекетінің нәтижесінде жәбірленуші Н.-ге 14 900 тенге мөлшерінде материалдық зиян келтірген.
Сотта сотталушы кінәсін толық мойындады. Сот талқылауы барысында сотталушы және жәбірленуші медиация тәртібімен бітімгершілік келісімге келді.
Сот қаулысымен тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды.

 

Қайнар: 
Абай ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі