Қымбат көліктерді ұрлап келген қылмыстық топ құрықталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қазыбек би аудандық сотының өндірісінде ҚР ҚК-нің 235-бабының 1-бөлімімен, 28-бабының 3-бөлімі – 175-бабының 4-бөлімі «а,б» тармақтарымен айыпталған азамат Б.-ға қатысты және ҚР ҚК-нің 235-бабының 2- бөлімімен,  175-бабының 4-бөлімі «а,б» тармақтарымен, 175-бабының 4-бөлімі «а,б» тармақтарымен, 175-бабының 4-бөлімі «а,б» тармақтарымен, 175-бабының 4-бөлімі «а,б» тармақтарымен, 325-бабының 3-бөлімімен айыпталған  азамат З.-ға қатысты қылмыстық іс қаралуда.
Б. қылмыс жасау мақсатында өзінің туысқандарын азғырып  ұйымдасқан топ құрып, автокөліктерді ұрлаудың нақты механизмін ойлап тапқан.
2012-2013 жылдар аралығында Б. мен ұйымдасқан қылмыстық топ бірнеше қымбат автокөліктердің ұрлығын (барлығы 8 эпизод) жасаған. Сөйтіп, жәбірленушілер М.-ға «Тойота Камри» автокөлігін ұрлап 3 450 000 теңге көлемінде, А.-ға «Тойота Лэнд Крузер Прадо» автокөлігін ұрлап 6 000 000 теңге көлемінде,  Ж.-ға «Тойота Лэнд Крузер Прадо 150» автокөлігін ұрлап 8 234 000 теңге көлемінде, Аб.-ға «Тойота Лэнд Крузер Прадо» автокөлігін ұрлап 7 632 000 теңге көлемінде, К.-ға «Хюндай Акцент» автокөлігін ұрлап 3 250 000 теңге көлемінде, «Шұбаркөл Көмір» ЖШС-тің «Тойота Лэнд Крузер Прадо 150» автокөлігін ұрлап 8 725 982 теңге көлемінде, Р.-ға «Ямаха ВТР» мотоциклін ұрлап 1 912 500 теңге көлемінде шығындар келтірген. Істің тыңдалуы 2014 жылдың 15-сәуіріне сағат 10-00-ге қалдырылды.
 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы