Лауазымды тұлғалардың пара алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында айыпталушы Н., Е., А.,ға қатысты 2,4-бабының 3-бөлігінің 366 (пара алу), ҚР ҚК-нің тармақтарында қарасты қылмыс  іс қаралды.  
Қарағанды облысы ІІД-нің жол патрульдік полиция стационарлық «Рубеж» (Соқыр) батальонының үш полиция қызметкерлері олардың мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын орындау барысында Қарағанды қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар жасады.
Н. жол патрульдік полиция стационарлық «Рубеж» (Соқыр) батальонының бақылау бекетіне топ құрамында аға инспектор А. және полиция қызметкері Е.-мен кезекшілікке түсіп, жүк және жолаушылар көлік құралдары жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартпау және көліктің құжаттарын тексермеу үшін бірнеше рет ақша түріндегі пара алды. Заңсыз байып кету мақсатында қылмыстық сөз байласқан.
Сот үкімімен Н., Е., А. қылмысты жасады деп кінәлі болып танылды және оларға берілген бап бойынша мүлкі тәркіленіп, алған параның 70 есе көлемінде айыппұл, полиция стационарлық «Рубеж» (Соқыр) шекаралық батальонының бақылау бекетінің полиция қызметкері лауазымын алуға және мемлекеттің қатысу үлесі елу және одан да көп пайызы бар, жергілікті мемлекеттік басқару мекемелерінде, мемлекеттік ұйымдарда, ұйымдарда мемлекеттік қызметкер лауазымдарын алуға өмір бақиға айыру түріндегі жазасы тағайындалды. ҚР ҚК 49 бабының талаптары негізінде арнайы атақтарынан айырды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының баспасөз-қызметі