МАЭС «Сот кабинеті» мобильдік қосымша бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Сот кабинеті» қызметінің ақпараты мен имиджін қолдау мақсатында «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Б.Тұртбаева баяндама оқып: ««Сот кабинеті» сервисі өзін халықты сот ісін жүргізу сервисімен байланыстыратын инновациялық тетік ретінде көрсете білді, халық арасында танымал болды. Оның артықшылығы компьютер, интернет және электрондық цифрлық қолтаңба бар болса кез-келген уақытта арыз, өтініш, шағым жіберуге болады»-деп атап өтті.

Бүгінгі күні осы сервисті  «Сот кабинеті» мобильді қосымшамен пайдалану мүмкіншілігі пайда болды. Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің Сот кабинеті веб-нұсқасына қарағанда артықшылықтары бар. Пайдаланушыны тіркеу үрдісі үшін Сот кабинеті сервистерін қолдануға пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып, пайдаланушының ЖСН және ұялы телефон нөмірін көрсету жеткілікті.

Мобильдік қосымшада «Істерді қарау тізімдері», «Тапсырылған құжаттар», «Хабарлаулар», «Чат», «Техникалық қолдау қызметіне хабарласу», «Техникалық қолдау қызметіне жүгіну» және «Жаңалықтар» сервистері жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, «Cот процесі қатысушыларының күнтізбесі» сервисі күнтізбеге оқиғаларды қосуға, сондай-ақ сіз процесс қатысушысы болып табылатын сот отырыстары туралы мәліметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.

Іс-шара қорытындысы бойынша туындаған сұрақтар белсенді талқыланып, тиісті түсіндірмелер берілді.

Қайнар: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі