МАЭС үкіметтік емес ұйымдармен заңнаманың нормаларын түсіндіру практикумін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты іс-шаралардың аясында қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіру бойынша түсініктеме беретін практикум өткізді.

Осы іс-шараға судьялар Т.Б. Айдарханов, Е.А. Майпасов, БАҚ-пен жұмысты үйлестіруші судья И.А.Куспаева, «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Қарағанды облысының қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Т. Абдрахманова және «Тиек» жастарды дамыту орталығы» қоғамдық ұйымының заңгердің көмекшісі А. Әсемгалиева қатысты.

Аталған іс-шараны өткізу бырысында судьялар соттың қызметі, даулардың соттылығы, азаматтық істерді қарау тәртібі, сонымен қатар сот талқылауын жүргізу кезіндегі іс-қимылдардың ресми тәртібі туралы айтты.

Өз кезегінде, қоғамдық бірлестіктің мүшелері қоғамның қызметі туралы айтып берді.

Атап айтқанда, «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Қарағанды облысының қоғамдық бірлестігінің мақсаты өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктікті, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Қоғамдық бірлестік тәрбиелік, танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік, ақпараттық, шығармашылық қызметтерді атқарады.

«Тиек» жастарды дамыту орталығы» қоғамдық ұйымының міндеті жастарға ақпараттық қолдау көрсету, өмірде қиын жағдайға тап болған жастарға ақысыз құқықтық көмек көрсету, Қазақстан жастарының проблемалары туралы жастардың ақпараттық білімін көтеріп, жастарға арналған діни семинарлар, тренингтер, фестивальдар, көрмелер, конференциялар өткізіп, жастар проблемасына жұртшылықтың назарын аудару, жастарды дамытатын ұлттық халықаралық бағдарламаларға қатысу, жастар арасында тәрбие жұмыстарын жүргізу.

Іс-шараның соңында, қатысушылар іс-шараға шақырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Қайнар: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі