МАЭС үкіметтік емес ұйымдарымен заңнаманың нормаларын түсіндіру практикумін өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты іс-шаралардың аясында қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіру  бойынша  түсініктеме беретін практикум өткізді.

Осы іс-шараға судьялар Г.Н.Махашева, А.И.Арапова, БАҚ-пен жұмысты үйлестіруші судья И.А.Куспаева,  «Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту қоры»  корпоративтік қорының  өкілі А.Е.Ли және  «Қазақстан студенттерінің Альянсы»  корпоративтік қорының өкілі А.А.Асанов пен Т.К.Саматов қатысты.

Аталған іс-шараны өткізу  барысында судьялар соттың қызметі, даулардың соттылығы, азаматтық  істерді қарау тәртібі, сонымен қатар сот талқылауын жүргізу кезіндегі іс-қимылдардың ресми тәртібі туралы айтты. Өз кезегінде,  қоғамдық бірлестіктің мүшелері қоғамның қызметі туралы айтып берді.

Атап айтқанда, «Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту қоры»  КҚ жеке кәсіпкерлерге көмек көрсетеді, «Қазақстан студенттерінің альянсы»  КҚ әрекеті  мемлекет студент жастарының құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауды қамтамасыз етуіне, студенттердің отан сүйгіштік сезімін қалыптастыру және дамытуына, студенттер жастарының арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруына, студент жастарының интеллектуалды потенциалын дамытуға, студенттер арасында салауатты өмір салты бағытталған және  қайырымдылық жобаларды ұйымдастырумен айналысады, «Балаларға күлкі сыйла» соңғы жобаның бірі болып табылады.                                                        

Іс-шараның соңында, қатысушылар өзара пікірлерімен алмасып, өз ретінде қатысушылар іс-шараға шақырғаны үшін алғыстарын білдірді.

 

Қайнар: 
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі