Мас күйінде көлік жүргізгені үшін жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сәтбаев қалалық сотымен ҚР ӘҚбҚ-нің 608 бабы 1 бөлімімен Сәтбаев қаласының ІІБ-нен келіп түскен азамат С. қатысты әкімшілік іс қаралды.
Аз.С. Сәтбаев қаласының Сәтбаев даңғылы маңында «Фольксваген»  маркалы автокөлікті мас күйінде айдаған.
Сот медициналық сараптамасы қорытындысының куәландыруы бойынша психикалық зат қолданғаны, мас күйінің жеңіл деңгейінде болғаны анықталған.
Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, кешкі уақытта алкогольдік сусын ішкенін, сол уақытта жол полициясының қызметкерлері тоқтатқанын түсіндірді. 
Сәтбаев қалалық сотының қаулысымен аз.С. әкімшілік құқық бұзғаны дәлелденіп, оған әкімшілік жаза ретінде 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі жазасы тағайындылды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы