Материалдық залалды өндіріп алу бойынша дау бітімгершілік келісімімен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қалалық сотында азамат У.-ның азамат М.-ға қатысты материалдық залалды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Жауапкер М.-нің басқаруындағы Хонда ЦРВ автокөлігі «Алматы-Екатеринбург» трассасындағы жолда озып өту барысында қарама-қарсы қозғалыс бағытындағы «Тойота камри» автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан талапкер У.-ның автокөлігіне салық төлеуге байланысты материалдық залал келтірілген, өйткені жауапкердің кінәсінен автокөлікке толық нұқсан келтірілген себепке байланысты жыл бойы автокөлігін қолдана алмаған.
Азаматтық істі сот талқылауына дайындау кезінде тараптар бітімгершілік келісімді бекіту туралы арызбен жүгінген, шартта көзделгендей жауапкер талапкерге белгілі бір мерзімге дейін талап арызда көрсетілген соманы төлеуді міндетіне алды. Бұл бітімгершілік келісім сотпен бекітілді.
Ұйғарым заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі