Медиация институтын сот жүйесінде дамыту

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сәтбаев қалалық сотында судья Ж.Г.Скаков «Медиация институтын сот жүйесіндедамыту» дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына кәсіби медиатор Ж.А.Есмурзина, кәсіби емес медиатор Н.Ш.Чуйкина, адвокаттар, Сәтбаев қаласының прокурор көмекшісі, Сәтбаев қаласы ІІБ-нің тергеу басқармасы бастығының орынбасары және тергеушілері қатысты.
Ж.А.Есмурзина «Медиация жөнінде» баяндамасын оқыды. Тараптар арасындағы дауды шешуде оларды бітімгершілікке , яғни медиативті келісімге келтіруде "Медиация туралы" Заңның артықшылығы мен тиімділігі айтылып, баяндама жасаушы оны насихаттау және кеңінен қолдану мәселелеріне тоқталды.
Неке және отбасы туралы заңнамалардан туындайтын даулардың ерекшеліктерін ескере отырып, дөңгелек үстелге қатысушылар бұл тұрғыдағы келіспеушіліктерді медиациялық, партисипативтік келісімге келу арқылы шешу мүмкіндіктерін талқылады.

 

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы