«Медиация күніне» арналған «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында «Медиация күні» республикалық акциясы аясында «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Іс шарағасот төрағасы, отставкадағы судья Н.Оплачко, Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің өкілі Б. Мусина, кәсіби медиаторлар Д. Есенгельдинов, А. Асылбекова, адвокаттар алқасының төрағасы О.Абикенов, адвокат К.Тусупбеков, нотариалдық палата төрағасы Ж. Тоқтарова және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс шара аясында қала тұрғындарына тегін кеңестер ұйымдастырылды. Қала тұрғындары іс шараға белсенді қатысып, олармен қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар беріліп, медиация дамуының мақсаты мен ерекшеліктері, дау-жанжалдаржы шешуде бітімгершілік рәсімдердің  тиімділігі түсіндірілді.

Сот төрағасы А.Ибраев адвокаттар және нотариаттар өкілдерінің назарын партисипативті институт және атқару жазбасы рәсімдерінің белсенді дамуына аударды.

Іс шара соңында қала тұрғындары судьялар мен медиаторларға  осындай іс шараны ұйымдастырғандары үшін алғыстарын білдірді. Өз кезегінде судьялар мен медиаторлар тұрғындарға іс шараны өткізуге белсене қатысқандары үшін алғыс білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі