Медиацияның арқасында отбасы сақталып қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарқаралы аудандық сотында талап қоюшы А.-дің жауапкер Г.-мен неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.
Талап қоюшы А. сотқа берген талап арызында жауапкер Г. неке бұзу туралы талап арыз келтіріп, онда жауапкермен 2009  жылдан бері заңды некеде тұрғанын, ортақ некеден араларында 2 балаларының барын, жауапкермен бірігіп тұрғалы мінездері жараспай, отбасында жиі ұрыс-керіс болғандықтан, жауапкермен бірге тұрмайтынын көрсетіп, араларындағы некені бұзуды сұрайды.
Сот отырысы барысында төрелік етуші судья заң талаптарына сай туындаған дауды медиация тәртібімен бітімгершілікке келу мүмкін екенін түсіндіргеннен кейін, тараптар Қарқаралы аудандық  кәсіби емес медиатор Е.А.Қасымжановтың  қызметіне жүгінді.
Нәтижесінде тараптар арасында туындаған дау, медиатордың қатысуымен бітімгершілік рәсімімен аяқталды.
Азаматтық істі қараған судья тараптардың дауды реттеу туралы келісімін сот медиациясын жүргізу тәртібімен бекітіп, іс жүргізу тоқтатылды. Сонымен қатар мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.
Соттың ұйғарымымен азаматтық іс медиация тәртібімен реттелуіне байланысты өндірісімен қысқартылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Қарқаралы аудандық сотының баспасөз қызметі