Медиатор арқылы дауды реттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қарағанды облысы, Бұқар жырау аудандық сотына Д. азаматына қатысты қылмыстық іс түсті.
Сотталушы Д. Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабы 2-ші бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа жіберілді.
Тараптар судьяға медиация рәсімін өткізу туралы өтініштерін мәлімдеді. Осы істі қарау кезінде тараптар кәсіби емес медиаторға жүгінді.
Медиация рәсімін өткізу кезінде тараптар арасында медиация туралы келісім жасалды, осыған байланысты жәбірленуші азамат Т. азамат Д.-ға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішін мәлімдеді, себебі сотталушы жәбірленушіге ұрланғанды қайтарды, жәбірленушіге келтірілген залал мен зиянды толығымен өтеді. Жәбірленушінің сотталушы Д.-ға наразылығы жоқ екенін айтты.
Сотпен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілді, іс бойынша өндіріс қысқартылды.

 

Қайнар: 
Бұқар Жырау аудандық сотының баспасөз қызметі