Мемлекетке келтірілген шығын өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қаражал қалалық сотында ҚР ҚК 189 бабы 3 бөлігінің 1,2 тармақтарымен айыпталған Қаражал қаласының білім бөлімінің басшысы мен экономистіне қатысты кінәларын мойындау туралы процестік келісіммен түскен қылмыстық іс қаралды.

Көрсетілген тұлғалар өздерінің қызмет дәрежесін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу шартына байланысты Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінің оқушыларының тамақтарына бөлінген  мемлекеттің 4914 400 теңге көлеміндегі ақша қаражатын иеленіп кеткен.

Сотпен айыптау үкімі шығып, әрқайсысының бас бостандығын 5 жылға шектеп, мүлкін тәркілеп, білім бөлімінің басшысына мемлекеттік ұйымдарда лауазымдық қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынған. Мемлекетке келтірілген шығын сотталушылар тарапынан толықтай өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қаражал қалалық сотының баспасөз қызметі