«Миграциялық заңнаманы бұзу» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Миграция заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік істерді қозғау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға сот төрағасы С. Оразбаев, прокуратураның өкілі Д. Нуркеева мен көші-қон полиция бөлімінің басшысы Ж. Жакенова қатысты.
Дөңгелек үстелде шетел мемлекет азаматтарына қатысты әкімшілік істерді қарастыру барысында кездесетін проблемалары талқыланды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар әкімшілік істерді ресімдеу жайында бір мүддеге келді.

 

Қайнар: 
Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі