Молодежный кентіндегі сотта азаматтық істер бойынша іс жүргізуде дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру туралы ережені талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Осакаров ауданының № 2 аудандық сотында азаматтық істер бойынша іс жүргізуде дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру туралы ережені талқылау жөніндегі  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шарасында Молодежный кентінің кәсиби емес медиатор Е.М. Врона, жергілікті билік өкілдері, полиция қызметкерлері, қорғаушылар, сонымен қатар, жергілікті БАҚ «МТК» ТА өкілі қатысты.

Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында медиация қолдану одан әрі дамуындағы сот, әкімдіктер және медиаторлардың аралығында ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Cот төрағасының міндеттерін атқарушысы Назаров Ардак Назарович сөз сөйлеу барысында Жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның нормалары, оның мақсаттары мен міндеттерін туралы баянадады.

Кәсіби емес медиаторы Е.М. Врона өз қызметі туралы есеп берілді.

Ардак Назарович қатысушылардың қызығушылық танытып, қойған сұрақтарына жауап берді, мемлекеттік кәсіпорындарының өкілдеріне халықтың арасында түсіндіру кеңестерін өткізуге шақырылды.

Өткізілген іс-шара барысында қатысушыларға алдағы уақытта азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында медиация бағытының дамытудың мақсаты мен қажеттілігі түсіндірілді.

Қайнар: 
Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының баспасөз қызметі