Мүлікті тыйымнан босату туралы талап қоюшының талабы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотына талап қоюшы А.-ның жауапкер «Қарағанды қаласы Әділет басқармасы» РММ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қарағанды облысы бойынша Департаментіне мүлікті тыйымнан босатуы туралы талабымен жүгінді.

Өзінің талабында 2003 жылы пәтер сатып алғанын, сол жылдан бері тұрақты тұрып келе жатқанын көрсетті. Алайда, 30.06.2003 жылы Қарағанды облысы экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің қаулысымен аталған пәтерде тыйым тұрғанын 2015 жылы біледі. Пәтер иесі және пәтерді сатқан адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Сонымен қатар, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ.

Жауапкерлер 30.06.2003 жылы шыққан қаулы бойынша ақпарат бере алмауына, тіркеу материалдарында ақпараттың болмауына, талапкерге және пәтерді сатушыға қатысты қылмыстық іс қозғалмауына байланысты, сот талап қоюшының талабын қанағаттандырды. Аталған мән-жәй талап қоюшыға меншікке толықтай иелік етуіне құқықты қолдануға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188 бабына сәйкес мүмкіндік берді.

Сот шешімі заңды күшінен енген жоқ.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі