Мұрағатты қабылдау мерзімі қайта келтірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотында аз.А. мұрағатты қабылдау мерізімін өткенін қайта келтіру және қабылдады деп санау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарастырылды.   
Сот отырысында аз.А талап арызын толық қолдап, ұлы қайтыс болғанан кейін қалдырылған мұрағатқа заң бойынша  ең бірінші ретте мұрагер болып табылатынын түсіндірді. Мұрағаттың көлемі «ЕНПФ»АҚ- да жинақталған зейнет ақы қоры болып табылады. Нотариус мұрағатты қабылдау уақытын өткізіп алғандықтан, мұраға құқық ету куәлігін беруден бас тартқан. Ол қабылдау мерзімін зейнет ақы жинақтау қорының барын білмегенінен өткізіп алған. 
Сот істегі тіркелген құжаттарды зерделей отырып, аз.А мұрағатты қабылдау мерізімін өткенін қайта келтіру және қабылдады деп санау туралы арызын қарастыра келіп – қанағаттандырды.
Ұлы қайтыс болғаннан кейін мұрағатты қабылдау мерзімін өткенін қайта келтірілсін және аз.А. зейнет ақы жинақтау қоры ретіндегі мұрағатты қабылдады деп саналсын.  

 

Қайнар: 
Бұқар жырау ауданының №2 аудандық сотының баспасөз қызметі