Мұраны қалпына келтіру мерзімі туралы талап арыз ішінара қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сәтбаев қалалық сотымен талапкер аз.И. жауапкер Сәтбаев қаласының әкімдігі және мүдделі тұлға жеке нотариус О. мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкердің 2015 жылы 1972 жылы туылған анасының қайтыс болуына байланысты Қарағанды облысы Сәтпаев қаласы, Бопежанова көшесі, 13 үй, 5 пәтер бойынша орналасқан жылжымайтын мүлік түріндегі мұра ашылған.

Жеке нотариустың қаулысымен нотариалдық әрекет жасаудан бас тартылған, себебі талапкер 6 ай ішінде мұраны қабылдау мерзімін өткізіп алған.

Сәтбаев қалалық сотының шешімімен талапкердің мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызы ішінара қанағаттандырылып, аз.И. мұрагер деп танылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Сәтбаев қалалық сотының баспасөз орталығы