«Некенің бұзылуы кезінде баланың тұрғылықты орнын анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Аудандық соттың оқу орталығының жоспарына сәйкес Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотында «Некенің бұзылуы кезінде баланың тұрғылықты орнын анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді Қарағанды облыстық сотының судьялары И.Д.Сагаевтың, Ж.М. Егорованың және аудандық сот судьяларының қатысуымен судья А.А.Нургалеева өткізді.

Сотпен неке бұзу кезінде шешілетін ең маңызды да қиын сұрақтардың бірі - әке-шешелері бөлек тұрған жағдайда кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты орнын анықтау болып табылады. Аталмыш сұрақты қараған кезде сот тек қана балалардың мүдделерін басшылыққа алады.

Кездесу барысында барлық сұрақтарға Қарағанды облыстық сотының судьялары Қазақстан Республикасы заңнамаларына сүйене отырып, жан-жақты жауап берді.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы №2 аудандық сотының баспасөз-қызметі