Нұра аудандық сотымен азаматтық іс жеңілдетілген өндіріс тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды облысының Нұра аудандық сотымен аз. А.-тың талап-арызы бойынша аз. И.-нан қолхат бойынша қарызды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

 Азаматтық іс материалдарынан келесідей мән-жайлар анықталған. Жауапкер аз. И. 18.03.2017 жылы талапкер аз. А.-дан елу мың теңге мөлшерде қарызға ақша алып, оған қарызды 2017 жылдың маусым айының 1-не дейін толық қайтарып беретіні жөнінде қолхат жазып береді. Бірақ, жауапкер жоғарыда аталған келісімнің шаттарын орындамай, қарызын қайтарып берген жоқ. Осыған байланысты талапкер аз. А. қарызды қайтару туралы бірнеше рет жасаған ұсыныстарына жауапкер аз. И. еш түсініктеме беруден бас тартқан.

Іс судьямен АІЖК-нің 144, 145 б. 1 б. 1) т., 146 баптарының талаптарына сай жеңілдетілген өндіріс тәртібімен тараптарды сотқа шақыртусыз қаралып,  жауапкерге 2017 жылдың маусым айының 19-на дейін талап-арызға жазбаша түрде пікір білдіруге мерзім берілген. Аталған мерзім ішінде  жауапкер аз. И-дан елу мың теңге мөлшердегі қарызын толық мойындайтыны туралы арыз түскен.

 2017 жылдың маусым айының 29 жұлдызындағы сот шешімімен аз. А. талап-арызы толық қанағаттандырылған. Жауапкер аз. И-дан елу мың теңге мөлшерде қарыз және бес жүз теңге мөлшерде сотқа мемелекеттік баж соммасын төлеуге жұмсалған шығындар өндірілген.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Нұра аудандық сотының баспасөз қызметі