Нұра аудандық сотында семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Қысқартылған өндіріс бойынша қылмыстық істерді қарау кезінде жіберілген қателіктерді болашақта сот тәжірибесінде болдырмау мақсатымен сот төрағасының тапсырмасы бойынша Нұра аудандық сотының ұжымымен талқылау үшін судья Ш. Бимухановқа «Соттармен қысқартылған тәртіппен қылмыстық істерді қараудың кейбір мәселелері туралы» тақырыбында баяндама жасау тапсырылған.
Іс-шарада қылмыстық іс жүргізу заңнамасының қағидалары және ҚР Жоғарғы Сотының 26.11.2004 жылғы №17 санды «Соттармен қысқартылған тәртіппен қылмыстық істерді қарау туралы» нормативтік қаулысының ережелері талқылауға алынған. Сонымен қатар, баяндамада осы санаттағы қылмыстық істерді қарау кезінде судьялармен сот тәжірибесінде жіберілетін негізгі қателіктерге назар аударылған.
Жасалған баяндаманың нәтижесі бойынша сот төрағасы Серік Жұмабеков судьяға дайындалған сындарлы баяндамасы үшін алғыс айтып, судьяларға осы баяндамада көрсетілген ақпаратпен күнделікті жұмыста қысқартылған тәртіппен қылмыстық істерді қарау кезінде басшылыққа алуын тапсырды.

 

Қайнар: 
Нұра аудандық сотының баспасөз қызметі