Облыстық сотта азаматтарды қабылдау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылдың 6-қаңтарында Қарағанды облыстық сотының төрағасы Е. Серекбаев жоспарға сай облыстық сот ғимаратында азаматтарды қабылдады. Қабылдауға тіркелген 15 азаматтың сұрақтары соғыс және еңбек ардагерлерінің әлеуметтік жағдайы, банкротқа ұшыраған кәсіпорындардан қарыздарды өндіру, сот шешімдерінің орындалуы және тұрғын үйге меншік құқығы төңірегінде болды. Аталмыш іс шараға Қазыбек би атындағы ауданның №2 аудандық сотының төрағасы Ш. Әбдіров, Октябрь аудандық сотының төрағасы Т. Тоқболатов және «Қарағанды облыстық соты кеңсесі» ММ-нің басшысы Д. Құсбеков қатысты. Азаматтарды қабылдау шарасы дыбыс-бейне жазу қондырғысын өқолдану арқылы өткізілді. Келушілерге заңнамаларды түсіндіруге бағытталған жауаптар беріліп, тиісінше ұсыныстар жасалды.

Қарағанды облыстық сотының баспасөз орталығы