Октябрь аудандық соты азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Азаматтардың құқықтық мәдениетін жоғарылату, сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотында кезекті «Ашық есік күні» өткізілді.
Азаматтарды қабылдауды Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының төрайымы Ә. Марданова жүргізді.
Іс шара аясында сотқа әр түрлі ұйымдардың өкілдері мен қорғаушылар келді. Жұмыс барысында азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптарын алды.
Өткізілген іс-шара өз мақсатына жетті.

 

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь аудандық сотының баспасөз қызметі