Оқу кезеңіне арналған алиментті өндіру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жезқазған қалалық сотында талап қоюшы С. жауапкер Т.-дан алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Сотта талап қоюшы әкесінен өзінің жоғарғы оқу орнында оқып жүргеніне байланысты және 21 жасқа толғанын дейін 50 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.
Сот тараптардың түсініктемесін тыңдап, жазбаша іс құжаттарын зерттеп және жауапкердің материалдық жағдайын ескере отырып талап арызды ішінара қанағаттандырды. Жауапкерден 40 АЕК мөлшерінде алимент өндірілді.
Шешім заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Жезқазған қалалық сотының баспасөз қызметі