Оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық сотымен «Экспресс займ» ШҚО» ЖШС-нің жауапкер У-ға қарыз өндіру туралы талап арызы оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде азаматтық іс қаралды.

Жауапкерге сот ұйғарымымен талапкердің берген талап арызына 2017 жылдың 20-ші мамырына дейін қарсылық білдіруге уақыт берілді. Алайда, жауапкермен белгіленген уақыт ішінде сотқа қарсылық келіп түспеді, соған байланысты, сот жеке-дара, тараптарды шақырмай, сотпен белгіленген уақыт өткеннен кейін оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде осы талапты қарады.

Сот іс материалдарымен танысып, талапты толық көлемде қанағаттандырды, жауапкер У-дан талапкердің пайдасына 33 300 теңге және сот шығындарын өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Қарағанды қаласы Октябрь ауданының №3 аудандық сотының баспасөз қызметі